"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

«Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 4-кластағы оқу бағдарламасының ерекшелігі»

2019 жылдың 26-тамызы күні Новый орта мектебінде «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 4-кластағы оқу бағдарламасының ерекшелігі» тақырыбыныда республикалық жалпы білім беретін мектептердегі 4- класс мұғалімдеріне арналған әдістемелік секциялық отырысы өтті.

Секция жұмысында облысымыздың бастауыш класс, мектепалды даярлық класы, ағылшын тілі, орыс тілі, АКТ, дене шынықтыру, көркем еңбек пәндерінің мұғалімдері қатысып, Новый орта мектебінің апробация жүргізген мұғалімдерімен тәжірибе алмасты. Мектеп директоры А.Кисикова «Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу-мектеп тәжірибесінен» тақырыбында кіріспе сөз сөйлеп, семинарға қатысушылардың алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Секция жұмысында әр пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшеліктері және бағдарламаны жүзеге асыру жағдайындағы саралап оқытуды ұйымдастыру, критерийлер құрастыру тақырыптарында шебер кластар өткізілді.@bilim_akimat@obrazovanie_gorod_aktobe\