Бүгін Ақтөбеде жыл сайын өтетін «Aqtobe CNPC - AMG HalF Marathon» жарысы ұйымдастырылды. Қайырымдылық статусын иеленген марафонда Новый орта мектебінің жастары белсенділік танытты.
Қатысушылардың барлық жарналары мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесетін «АРДА Растемка» қоғамдық бірлестігіне берілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жиналған жалпы қаражат көлемі 2,5 миллион теңге. Еліміздің он алты аймағынан сондай-ақ, Ресейден, Молдовадан, Қытайдан және Оңтүстік Кореядан 1100-ден астам адам марафонға қатысуға ниет білдірді. Облыс әкімі және қала әкімі спортшыларға сәттілік тіледі. Жарыс басталар алдын қатысушылар тәжірибелі спортшы, Азия, Африка, Австралия және Америкадағы ірі шөлейттерді жүгіріп өткен Марат Жыланбаевтан кеңестер алды. Қала әкімі Ілияс Испанов 10 километр қашықтыққа қатысты. Марафонның қорытындысы бойынша, 5.10 және 21 шақырым қашықтықта жүгірген жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен марапатталды.
#құттымекенақтөбе#Ақтөбеге150жыл
#марафон2019
@i.ispanov
@akimat_aktobe
https://satbaev-licei.edu.kz/novosti-kz/433-aqtobe-cnpc-amg-half-marathon.html#sigFreeIdc1f04f7cd8