Ақтөбеде ҚР Х-шы жазғы Универсиадасының ашылуына арналған «AQTÓBE RUN - 2019» ашық марафоны өтті.
11 мамыр, сенбі күні алғаш рет Ақтөбе шаһарында Жастар жылы мен Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына арналған жеңіл атлетикадан «AQTÓBE RUN - 2019» ашық республикалық марафоны өткізілді. Қаламыздың төрінде орын алған марафонға Новый орта мектебінің оқушыларыда қатысты. «AQTÓBE RUN - 2019» марафонының 500-ге жуық қатысушылары өңірдің орталық көшелерін 5 және 10 км шақырым бойынша жүгіріп өтті.