Әр адамға өзінің балалық шағы өте ыстық. Бала бақшадан бастап мен зерттеуші, ғалым болуды армандадым. Өйткені мені көп жағдайда НЕГЕ? ҚАЛАЙ ? НЕГЕ ОЛАЙ ЕМЕС? деген сұрақтар мазалайды. Балалық шақ мектеп өмірімен тығыз байланысты екенін түсінгендеймін.
Айтпақшы мен өзімді таныстыруды ұмытып кетіппін. Әдепті де, салмақты жігіт Мен Арнұрмын, жасым 7-де. Жаңартылған білім мазмұны бойынша пилоттық жобадағы Новый орта мектебінде 2-ші сыныпта оқимын.