"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

«Дарынды балаларға - талантты ұстаз»

2019 жылғы 29,30- наурызы күндері «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті.


Олимпиаданың мақсаты - жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау; білім беру жүйесін жетілдіруде жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру болып табылады.


Олимпиада мазмұны кәсіби білім беру аясында педагог тұлғасының шығармашылық өзін-өзі анықтау және өзіндік жетілу қабілетін, білім беру үрдісінде кәсіби педагогикалық шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін конкурс тапсырмаларын қарастырды.


Биылғы жылы олимпиада педагогикалық идеяларды TEDx форматында қорғалды.Педагогикалық олимпиаданың қазылар алқасының мүшелері ретінде Халықаралық, экологиялық және инженерлік, педагогикалық ғылымдарының академиясы, педагогика ғылымдарының оқытушысы мен жоғары санатты мұғалімдер шақырылды. Педагогикалық олимпиадаға Новый ОМ жас ұстазы, информатика пәні мұғалімі, "Робототеxника" үйірмесінің жетекшісі Ескендіров Әшірбек Айсабекұлы ІІI дәрежелі орын алып облыстық олимпиадаға жолдама алды. Құттықтаймыз!


ӘШІРБЕККЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ! 

@obrazovanie_gorod_aktobe@akimat_aktobe@astana_audany_akimdigi @i.ispanov@aktobe_akparat @zhasaktobe