2019 жылдың 28- наурыз күні Новый орта мектебінде «КӘСІБИ ЖЕТІЛДІРУ- БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ КЕПІЛІ» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық семинар-практикумының кезекті отырысы өтті.
Семинарда желілік қоғамдық лидері Г.Н.Бисенова оқушылардың оқу жетістіктері нәтижелерін тіркеу және бағалаудың бірыңғай стандартын белгілеу жұмыстарының нәтижесін талқылап, пікір алысып, өз ойларымен және іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинардың практикалық бөлімінде қазақ тілі, математика, жаратылыстану, дүниетану пәндері бойынша жиынтық бағалау құрастыруға арналған әдістемелік көмектер беріліп, пәндер бойынша жиынтық бағалау құрастырылды.
@obrazovanie_gorod_aktobe
@bilim_akimat
@astana_audany_akimdigi
@akimat_aktobe
@i.ispanov
https://satbaev-licei.edu.kz/novosti-kz/365-k-sibi-zhetildiru-bilim-mazm-nyn-zha-artu-kepili.html#sigFreeIda7cb2ec274