2019 жылдың 28-наурыз күні Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Новый орта мектебінің информатика пәні мұғалімі А.Исмагамбетованың «Онлайн ресурстарды сабақтарда қолдану» тақырыбында педагогикалық шеберхана отырысы болып өтті.
Шеберхана отырысына қала мектептерінен ұстаздары қатысты. ҚҒӘО әдіскері Г.Ескалиева шығармашылық шеберхана жұмысының өзектілігі Президентімізді Цифрлық Қазақстан бағдарламасы аясында маңызды екендігіне тоқталды. Шеберхана жұмысы аясында жұмыс жасаудың белсенді әдістері ұтымды қолданылды. №18 мектеп педагогы М.Манас және №34 мектеп педагогы С.Даулетбай өз тәжірибелерін ортаға салды. Шеберхана отырысы ұстаздардың шығармашылық ізденісі қолдау бергендей болды. Шеберхана жұмысын Polleverywhere.com онлайн ресурсымен аяқтады.
@obrazovanie_gorod_aktobe
@bilim_akimat
@astana_audany_akimdigi
@akimat_aktobe
@i.ispanov
https://satbaev-licei.edu.kz/novosti-kz/363-onlajn-resurstardy-saba-tarda-oldanu-2.html#sigFreeId3059af06ee