2019 жылдың 28-наурыз күні Ақтөбе қаласы, Новый орта мектебінің базасында физика пәні мұғалімі М.Т. Турганбаевнаның эксперимент алаңы аясында «Физика, математика пәндерін кіріктіре оқыту тиімділігі» тақырыбындағы облыстық семинар-практикумы өтті.
Семинар-практикумға облысымыздың барлық аудандарынан жас мамандар келіп тәжірибе алмасып, методикалық көмек алды. Семинар барысында математика пәні мұғалімдері Ш.Бармашева, М.Майлық «Математика сабағында физикалық есептер шығару әдіс-тәсілдері» тақырыбында панорамалық сабақ өткізсе, физика пәні мұғалімі Ж.Исагалиев, информатика пәні мұғалімі Ә.Ескендіров «Роботехника–кедергісіз болашақ» тақырыбындағы көрмесімен қонақтарымызды таң қалдырды.
@obrazovanie_gorod_aktobe
@bilim_akimat
@astana_audany_akimdigi
@akimat_aktobe
@i.ispanov
https://satbaev-licei.edu.kz/novosti-kz/362-fizika-matematika-p-nderin-kiriktire-o-ytu-tiimdiligi-2.html#sigFreeId5abd8e682c