2019 жылдың 14-наурыз күні Новый орта мектебінде 24 наурыз - Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күніне орай 8-9 кластар арасында туберкулездің алдын алу бойынша «Туберкулезге жол жоқ!» атты байқау ұйымдастырылды. Байқауға қалалық мектеп бөлімінің меңгерушісі Г.Н.Турарова, қалалық балалар фтизиатр маманы К.М.Серикбаева, имунолог маман Б.А.Тулегенова, мектеп медбикесі Н.М. Бақтыгерей қатысып, әділ баға беру үшін байқауды тамашалап, туберкулез туралы оқушыларға толық ақпарат берді. Сонымен қатар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Жақсылыққызыға және 8-9 кластың класс жетекшілеріне жоғары баға беріп, мектеп ұжымына ризашылықтарын білдірді.
https://satbaev-licei.edu.kz/novosti-kz/355-tuberkulezge-zhol-zho-atty-baj-au-jymdastyryldy.html#sigFreeId7039a6633a