Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе – елдің көркі» деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?! – демекші, қазақ халқы қыз баланы ертеден сыйлап, қызды гүлге теңеп, «Қыз өссе – елдің көркі» дегендей, қыз баланың әр отбасына ерекше сән беріп отыратыны белгілі. Өзіне тән табиғи ерекшелігімен бірге оларға тәрбие беретін ортаның да айтарлықтай әсерінің бар екені рас. Ал, оларға дұрыс тәрбие беріп, өмір атты кең арналы тіршілікке жол сілтеу – бірінші ата – ана міндеттері дейтін болсақ, екінші кезек – қанатын қатайтып, болашаққа жол сілтеп, қарлығаштай ұшыратын мектеп ұясының ықпалы. Қыз баланың алғашқы қалыптасуы, оның көпшілік ортасында өзін – өзі ұстай білуінен, достарымен тіл табысып, сондай – ақ мектеп табалдырығын аттап, алғаш рет көптің ортасынан түсуінен байқалып жатады. Мектеп – білім берумен қатар тағылымды тәлім – тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы. Қыз баланы құрметтеп, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болуды, ер тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына мінгізуді, киімнің сәндісін, алтынды бұйымдардың жақсысын қыздарына тарту етуді "Дәмежан апайды тыңдаймыз" қыздар клубы дәстүрге айналдырды.
https://satbaev-licei.edu.kz/novosti-kz/351-yz-sse-eldi-k-rki.html#sigFreeId0a0218014f