2019 жылдың 27 ақпан күні Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы. Алтынсарин» төсбелгі иесі, ҚР білім беру ісінің озат қызметкері болған, ардагер ұстаздардың көшін бастап жүрген тұлға - Малайдар Марта Есеркеповнамен «Мейірімді жанмен кездесу» атты Новый орта мектебінің қыз балалармен тәрбиелік-танымдық сұхбат кеші ұйымдастырылды. Кештің мақсаты ізетті, инабатты, адамгершіліктің асыл қасиетін терең түсіне білетін, қазақ қыздарына тән қасиеттерді бойына сіңірген, ары-таза, жаны- сұлу, өнерлі қыздарды тәрбиелеу. Кеш барысында қонағымызға мектебіміздегі «Дәмежан апайды тыңдайық» атты қыз-келіншектер клубы, «Сәндік қолданбалы қолөнер» үйірмесінің жұмыстарымен танысып, түрлі сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар, қылықты қыздарымыз Марта апайымызға көкейде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алысты.
Қыз ұзатқан халықпыз үкі тағып,
Жақсылықтың жүріңіз шамын жағып.
Ақ көңілмен тілейміз қуанышты,
Жүріңізші жүзіңіз гүлдей жанып.
Қонаққа, халқымыз «Сыйлық қымбат емес, сыйластық қымбат»-деп, сыйластығымыздың белгісі ретінде, ырым қылып қыздарымыздың өз қолдарынан шыққан бұйым ұсынылды. «Қыз- ұлттың жаны» демекші, ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы, даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер! Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Ақылды болыңдар! Сұлу да сымбатты болыңдар! Саналы болыңдар! Инабатты, ілтипатты, ұйымшыл болыңдар! Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тұтқасы – сендерсіңдер!-деп, Марта Есеркеповна қыздарға және мектеп ұжымына алғысын білдірді.
@obrazovanie_gorod_aktobe
@bilim_akimat
@astana_audany_akimdigi
@akimat_aktobe
@i.ispanov
https://satbaev-licei.edu.kz/novosti-kz/327-mejirimdi-zhanmen-kezdesu.html#sigFreeIdc11859bf87