Робототехника саласы оқушыларға XXI ғасырдың жаңа технологиялық жетісіктерімен танысуға, IT-технологияларды тез меңгеруге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда бүкіл дүниежүзінде робототехника ғылымы кең қолданыс тауып отыр. Новый орта мектебінде «Робототехника» үйірмесіне қатысатын оқушылардың саны артып келеді. Қазіргі таңда мектепте 700 оқушы тегін қосымша білім алып жүр. Үйірме жетекшісі жоғарғы білімді, физика пәнінің мұғалімі - Исағалиев Жансейіт Аманжолұлы. Робототехника оқушылардың ойлау жүйесін дамытуға және практикалық тапсырмаларды шеше білуге, сондай-ақ математика, физика, информатика, технология негіздерін білуге ықпал етеді. Робототехника үйірмесінің міндеті - оқушылардың жаңашыл техникалық білім алуға деген құштарлығын дамыту. Қазіргі таңда бұл үйірме оқушылардың бос уақыттарын пайдалы да көңілді өткізетін орынға айналды. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, деңгейіне қарай тапсырмалар беріледі. Оқушылардың робот техникаға деген қызығушылығы басым.
https://satbaev-licei.edu.kz/novosti-kz/302-robototekhnika-jirmesine-atysatyn-o-ushylardy-sany-artyp-keledi.html#sigFreeId415a433a23