2019 жылдың 17 қаңтар күні Новый орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары және ата-аналары үшін үлкен қуаныш. Біз бақыттымыз, осындай үздік жалпы орта білім беретін мектепте сапалы білім алып, жан-жақты тәрбиеленіп, біздің балаларымыз осындай заманауи білім ордасында оқып жатқаның біз, ең алдымен, еліміздің тәуелсіздігі мен Елбасымыздың салиқалы саясатының жемісі деп білеміз. Сонымен қатар, уақытпен санаспай бар ынта-жігерімен шәкірттердiң бойына ізгілік нәрін егетін, олардың қабілеттерін ұштап, білгендерін үйрететін ҰСТАЗ жандарына бас иеміз.
Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Л.Уразбаевадан «ҮЗДІК ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі орын алғаныңыз үшін мектеп басшысы Кисикова Ақгүл Мырзабекқызын және Новый орта мектебінің ұстаздарын орасан зор еңбектеріңіз үшін шексіз алғыс білдіріп, зор денсаулық, жаңа шығармашылық табыстар, істеріңізге сəттілік, отбасыларыңызға амандық тілейміз!
https://satbaev-licei.edu.kz/novosti-kz/292-adamzat-densauly-yn-sa-taudy-basty-sharty-d-rys-tama-tanu-7.html#sigFreeIdcd4bed9286