«Новый орта мектебі»КММ мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті арасындағы ынтымақтастық меморандум аясында цифрлық Қазақстан бағдарламасы шеңберінде жаратылыстану пәндерін оқытуда оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен дамытуда қолжетімді онлайн ресурстарды кеңінен қолдануды насихаттау мақсатында «Биология» кафедрасының Новый орта мектебіндегі филиалы жұмыс жоспарына сай әдістемелік апталық аясында Новый орта мектебінде «Жаратылыстану пәндерін оқытуда онлайн ресурстардың мүмкіндігі» тақырыбында семинар болып өтті.
Семинар жұмысына Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ оқытушылары, магистрлер,магистранттар, студенттер мен Новый орта мектебі мұғалімдері қатысты. Семинар жұмысында биология пәнінен 5-класта химия пәнімен кіріктірілген мұғалімдер П.Болатбекқызы мен Г.Жамалованың «Қоспа түрлері және оларды бөлу әдістері»сабағын, мұғалім Г.Татаманова 8-класта «Группы крови. Переливание крови. Резус-фактор»тақырыбында сабақ өткізді. «Мектеп үлескісі-тәжірибе алаңы» тақырыбында пән мұғалімі С.Жангабылова мен студент Ж.Темірқызының командалық шарасы, «Білім жетілдірудегі онлайн ресурстардың тиімділігі» тақырыбында 11-класс оқушысы Р.Байғазы постерін қорғап, одан әрі магистр оқытушы Ж.Кукенов «Prezi, spring free guiz бағдарламасын биология сабағында қолдану әдісі» тақырыбында, магистрант Ж.Нұралы «KAHOOT бағдарламасын биология сабағында қолдану әдісі» тақырыбында шеберлік кластарын және сабақтар бейнеқорынан Ж.Исагалиев 6 класта «Заттардың құрылысы және диффузия»тақырыбында таныстырылым көрсетті. Семинар жұмысын директордың орынбасары А.Абжалелова «Рефлексивті нысана» әдісімен кері байланыс жүргізіп, қорытындылады.
https://satbaev-licei.edu.kz/novosti-kz/255-novyj-orta-mektebi.html#sigFreeId7d581a124a