"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

«Оқушы қыз тәрбиесі-қоғам шырайы»

Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2018 жылдың 16 қараша күні Новый орта мектебінің ұйымдастырумен «ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС-ШЕБЕРЛІКТІҢ БЕЛГІСІ» тақырыбында тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған семинар өткізілді.


Семинардың мақсаты-жасөспірімдерді тәрбиелеуде заманауи әлеуметтік-тәрбиелік технологияларын іс тәжірибеде қолдану, мектеп оқушыларын сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жұмыстарындағы әдіс-тәсілдерді үйренуде тәжірибемен бөлісу. Семинар барысында «Мектептегі тәрбие жұмысының жүйелілігін іске асыру жолдары» тақырыбында ой-пікір алмасып, «Оқушы қыз тәрбиесі-қоғам шырайы» класс сағатын, «Тәуелсіздік! Елбасы! Астана-20 жыл!» тақырыбында сыныптан тыс-шара, «Біз спортты таңдаймыз!» көңілді сөре байқауы ұйымдастырды. Мектеп психологы «Шебер ұстаздың, еңбегі де жемісті» тақырыбында тренинг өткізді, ал қосымша білім беру мұғалімдері «Үйірме жұмыстарын ұйымдастыруда» шеберлік сабақтарымен бөлісіп, «Тәлімгер-тәрбиенің шамшырағы» атты шығармашылық істің шеберлік белгісін көрсетіп, семинар «Өнерлі өрендер сыйы» концерттік бағдарламасымен аяқталды.