"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

Академия қызметкері Тортаева Балжан Калдановна 2018 жылғы 5-қараша күні жұмыс сапарын пилоттық жобадағы Новый орта мектебінен бастады

ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 30 пилоттық мектептің 4- сыныптарында оқу бағдарламалары мен оқулықтарын апробациялаудың мониторингін және жалпы білім беретін мектептердің 3,6,8- сыныптарында жаңартылған білім беру мазмұнын енгізудің мониторингін жүргізу мақсатында академия қызметкері Тортаева Балжан Калдановна 2018 жылғы 5-қараша күні жұмыс сапарын пилоттық жобадағы Новый орта мектебінен бастады.

 

Министрлік өкілі 4-сыныптардың сабақтарына қатысып, оқушылармен сұхбат жүргізді. Сонымен қатар фокус топтарда экспериментатор педагогтармен ашық алаңда оқу бағдарламасы, бағалау жүйесі, оқулық пен ОӘК жай күйі туралы әңгімелесу өткізді. Балжан Калдановнаның  қатысуымен әрбір пән мұғалімі оқулықтар туралы пікірлерін ортаға салып, сауалнама жүргізді.

 

.