Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес 2018 жылғы 2-қараша күні Новый орта мектебінде математика, физика, информатика пәні мұғалімдеріне арналған физика пәні мұғалімі М.Турганбаеваның «Физика, математика пәндерін кіріктіре оқыту тиімділігі» тақырыбындағы шеберлік класының отырыс болып өтті.
М.Турганбаева физика пәнінен есептер шығаруда математикалық сауаттылықтың маңызына егжей-тегжейлі тоқталды. Өткізілген тренинг, практикалық тапсырмалар аясында әріптестер тәжірибе алмасты.