Ақтөбе қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2018 жылғы 31-қазаны күні Новый орта мектебінде мектеп кітапханашысы М.Досмагамбетованың «Мектеп кітапханасы- интеллектуалдық және шығармашылық даму орталығы» тақырыбында шеберлік класы отырысы болып өтті.
Шеберлік класы отырысында мектеп кітапханасындағы катологтар жұмысын ұйымдастыру, кітапхана қызметіндегі құжаттарды жүргізу және оған қойылатын талаптарға баса назар аударылды. Отырысқа ҚҒӘО әдіскері А.Куржикова қатысып, кітапхана қызметкерлеріне қатысты өзекті мәселелер және оны шешу жолдарына тоқталып, әріптестеріне өз ұсыныстарын ортаға салып қорытындылады
https://satbaev-licei.edu.kz/novosti-kz/218-mektep-kitapkhanasy-intellektualdy-zh-ne-shy-armashyly-damu-ortaly-y.html#sigFreeIdb0e7c94970