"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

«ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА САРАЛАП ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ»

2018 жылдың 29-қазаны күні Новый орта мектебінде «ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА САРАЛАП ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ» тақырыбында Д.Қыстаубаеваның шеберлік класы өтті.

 

Шеберлік класына қала мектептерінен 1-класқа сабақ беретін 50 мұғалім қатысты. Шебер класс отырысын қалалық әдістемелік орталық директорының орынбасары Ж.Бердібековна қатысты. Жаңартылған мазмұндағы білім  беру бағдарламасын жүзеге асырушы педагогтармен іс-тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған жұмыстың нәтижелілігіне тоқтала келе, бүгінгі жұмыстарына сәттілік тіледі. Отырыстың теориялық  бөлімінде шебер класс жетекшісі Д.Қыстаубаева «ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА САРАЛАП ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ» тақырыбында  оқыту коучингін өткізді. Бұл оқыту коучигінде саралаудың түрлері және оны сабақтарда қолдану туралы әріптестерімен ой бөлісті.  Отырыстың практикалық бөлімінде бірінші класс бойынша сауат ашу, математика, дүниетану, жаратылыстану пәндерінен панорамалық сабақтар көрсетіліп, саралау жұмыстарының осы пәндерде қалай жүзеге асырылып жатқандығы туралы қатысушылармен кері байланыс жасалып отырды.  Семинар қатысушылары «3 үйренген нәрсем» тақырыбында рефлекция жасап, отырыста іс-тәжірибесін бөліскен әріптестеріне алғыстарын білдірді.

 

.