"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

«ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУ-РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ КЕПІЛІ»

Ақтөбе қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларына арналған «Әдістемелік жұмыс-шеберлік, шыңдалу мектебі» тақырыбындағы шығармашылық зертхана жұмысының 2018 жылғы 26-қазаны күні Новый орта мектебінде 2018-2019 оқу жылындағы бірінші отырысы «ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУ-РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ КЕПІЛІ» тақырыбында өтті.

 

Зертхана жетекшісі А.Абжалелова «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу: зерттеуші мұғалімнің құндылықтары» туралы, пилоттық жобадағы экспериментатор мұғалім Ж.Хабибуллина «Мұғалімнің зерттеушілік құзыреттіліктері-іс-әрекеттегі зерттеуді табысты жүзеге асыру факторы» турасында, ал орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Байменованың 5-кластағы «Дружба-это дар» тақырыбындағы сабағынан кейінгі рефлексивті есебімен бөлісіп, жас маман республикалық байқау жеңімпазы М.Майлық іс-әрекеттегі алғашқы нәтижелерін ортаға салды.


Шығармашылық зертхана жұмысын ҚҒӘО директорының орынбасары А.Кабиева қорытындылап, мектептегі білім беру жағдайын дамытуда инновациялық жұмыстардың сапасын арттыру бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

.