Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті «Мектеп-Университет-өндіріс» байланысын нығайту мақсатында Новый орта мектебі базасында ынтымақтастық меморандум аясында өткен оқу жылынан бастап университеттің «Жаратылыстану бағыты», «Қазақ әдебиеті», «Педагогика, психология және бастауышта оқыту» кафедра филиалдары құрылып дуалды білім беру жүйесіне сай зертханалық-тәжірибелік сабақтар мектеп базасында ұйымдастырылуда.
Осы бағытта 2018 жылдың 13-қазаны күні Германия елінің азаматы, неміс ғалымы Герд Риттхаллермен Новый орта мектебінде «Туризм саласындағы кадрларды дайындаудың негізгі факторы туристік бизнес пен мектеп жағдайында туристік-өлкетану жұмыстарын дамыту» тақырыбында университет оқытушылары, мектеп оқушылары мен мұғалімдердің қатысуымен семинар өтті. Бұл тақырыпқа қозғау болған 2018-2019 оқу жылында қоғамдық танымды жаңғыртуды жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатында «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті», «География», «Музыка» жалпы білім беретін оқу пәндерін толықтыратын және туған өлкенің тарихын, табиғатын, мәдениетін зерттеуге ықпал ететін кіріктірілген «Өлкетану» оқу курсы туралы басым айтылғандығы болып отыр. Мектеп оқушылары мен мұғалімдері өздерінің туризм саласын дамытудағы көкейтесті сұрақтарына жауап алды. Басқосу барысында оқушылар өз өнерлерін, кіші ғылыми жобаларын неміс ғалымының назарына ұсынып, алдағы уақытқа мақсаттарымен бөлісті және өз қолдарынан жасалған қолөнер бұйымдарын тарту етті.
https://satbaev-licei.edu.kz/novosti-kz/201-mektep-universitet-ndiris-2.html#sigFreeIdd9df3f3e9d