"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

«Дәмежан апайды тыңдаймыз»

Шаңырақ сәулесі қыз бала тәрбиесіне қазақ халқы ерекше мән берген.

 

Бүгін сол дәстүрдің жалғасын Новый орта мектебіндегі «Дәмежан апайды тыңдаймыз» қыздар клубы қолға алғандай 2015 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқан қыздар клубы қыз қадірін ерек тұтады. Мұнда ұлттық дәстүрге басымдылық беріліп, абыройлы қазақ қызы болудың маңызы насихатталады. Клубымыздың ерекшелігі ұлттық салт-дәстүрді, бойына сіңірген инабатты, ибалы, заманауи қазақ қыздарын тәрбиелеу. Клубта мектебіміздің оқушы қыз балалары клубтың мүшесі болып табылады. Жоспарлы түрде бас қосып «Дәмежан апайды тыңдаймыз» клубы аясында қыздар өздерінің өнерлі қырларын дамытып, психологиялық тренингтер мен керекті ақыл-кеңестерін алып тұрады. Көптеген облыстық, қалалық қолөнер байқауларына қатысып іс-шаралар ұйымдастырып отырғандарын қыздар қуанып айтады.

.