"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

«Білім беру мазмұнын жаңарту аясында музыка пәнін оқытудың ерекшеліктері»

Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы жоспарына сай жаңартылған мазмұнды  білім беру аясындағы тәжірибелерімен бөлісу, мұғалімдердің кәсіби дамуына  әдістемелік қолдау көрсету мақсатында 29.09.2018 ж күні Новый орта мектебі музыка пәнінің мұғалімі А.Калыкованың «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында музыка пәнін оқытудың ерекшеліктері» тақырыбындағы  шеберлік класының кезекті отырысы болып өтті.

 

Шеберлік класс отырысының бағдарламасына сай Айзада Мухамбетжанқызы талантты және дарынды балаларды дамытудағы байқаулардың, шығармашылық шаралардың  рөлі және шығармашылық ізденіс аясындағы «5 әдістен 50 әдіске дейін» тренингімен бөлісті. Шеберлік класы отырысын ҚҒӘО әдіскері Г.Есимбаева өз ұсыныстарын айтып қорытындылады.