"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША 3-КЛАСТАҒЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

2018 жылғы 24-тамыз күні Ақтөбе қаласындағы жаңартылған білім беру мазмұнын апробациялаудағы республикалық пилоттық жобадағы Новый орта мектебінде «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесі аясында «ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША 3-КЛАСТАҒЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ»тақырыбында республикалық жалпы білім беретін мектептердегі 3-класс мұғалімдеріне арналған секция жұмысы өткізілді. Секция жұмысына Ақтөбе облысы бойынша 372 педагог мамандар қатысты.  Секция жұмысында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы әдіскері Жубаева С.У., «Назарбаев Зияткерлік тектептері»ДББҰ АҚ ПШО Ақтөбе қаласы филиалы теренері Копжасарова Т.М. жұмыс күніне сәттілік тілеп құттықтау сөз сөйледі. Пилоттық мектеп директоры А.Кисикова «2018-2019 оқу жылындағы білім беру мазмұнын жаңарту»  тақырыбында қатысушылармен мектептің қол жеткен жетістіктері мен алдағы жылға жоспарымен бөлісті. 

 


Секция жұмысында «3-кластарда жүргізілетін пәндер бойынша жаңартылған оқу бағдарламасы ның ерекшелігі және пән бойынша критериалды бағалау», «Жиынтық және қалыптастырушы бағалау: критериилер құрастыру» және «Жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыру жағдайында саралап оқытуды ұйымдастыру» тақырыптарында қатысушы педагогтармен шеберлік кластарын Новый орта мектебінің экспериментатор бастауыш класс мұғалімдері Д.Қыстаубаева, Г.Дощанова, Т.Есеева, М.Утениязова, М.Қожабек, Г.Байгожина ,А.Сармантаева, З.Кушекбаева, Ж.Хабибуллина және де экспериментатор пән мұғалімдері А.Исмагамбетова, М.Есетова, М.Байбекова, А.Утеназаров, А,Максутова сонымен қатар Ақтөбе қаласы физика-математика бағытындағы «Назарбаев зияткерлік мектебі» мұғалімдері М.Жусипов, А.Бедер, А.Еңсепова  барлығы 17 тренер 20 шеберлік класын өткізді. Секция жұмысы барысында «Жүктеу аймағы» жұмыс жасап қатысушы педагогтар өздеріне қажетті әдістемелік көмекші материалдарды тасымалдаушы арқылы жүктеп алу мүмкіндігі болды.