Новый орта мектебінде мектеп жанындағы "Айгөлек" лагері өз жұмысын бастады.
Жалпы лагердің мақсаты:
Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыра отырып, лагерь жұмысының жүйелі орындалуы арқылы балаларды азаматтық ұстанымға, отансүйгіштікке, инабаттылыққа, адалдыққа тәрбиелей отыра, салауатты өмір салтын ұстануларына үлес қосу жұмыстарын жандандыру. Оқушыларға танымды тәрбие көрсетуге, қазіргі заманға сай лагерь жұмыстарының дамуына қолайлы жағдайлар жасау. Осы орайда, мектебімізде "Зерде", "Арай", "Күншуақ", "Жұлдыз" деп аталатын 4 топтан құралған лагерге 50 оқушысы қатысуда.
https://satbaev-licei.edu.kz/novosti-kz/175-novyj-orta-mektebinde-mektep-zhanynda-y-ajg-lek-lageri-z-zh-mysyn-bastady.html#sigFreeIdf50270861d