Жазғы демалыс - балалардың бос уақытын тиімді, еркіндікте өзі үшін қызықты істер жасауға жəне өз мүдделерін орындалуы үшін қажеттіліктерді жүзеге асыратын кезең. «Баланың ушуынан асқан бақыт жоқ» демекші балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында Новый орта мектебінде жазғы маусымдық «Айгөлек» және «Sunshine» тілдік лагерлерінің ашылу салтанаты болды. Салтанатты шараның ашылуына балалар өздерінің сүйікті кейіпкерлерінің киімдерін кейіп, ұстаздарымен бірге ән шырқап, би билеп, ойындар ойнап, балалардың дайындаған флеш-мобы да көпшілік көңілінен шықты. Сонымен қатар ашылу салтанатына «Қамқоршылық» кеңесінің мүшелері қатысты. «Қамқоршылық» кеңесінің мүшелері лагерь жұмысына оң баға беріп, оқушыларға 100 балмұздақ таратып берді. Жазғы маусымдық «Айгөлек» және «Sunshine» тілдік лагерлерінің болашақта бүгінгіден де көркейе түсеріне сенім мол.
«Айгөлек», «Sunshine» лагеді ашамыз,
Бәріңізді шақырып.
Күлеміз, ойнаймыз, ән шырқап,
Шаттанып, бақытты ұрпақ боламыз.
https://satbaev-licei.edu.kz/novosti-kz/174-balany-ushuynan-as-an-ba-yt-zho.html#sigFreeId14663a1e3e