"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

Қамқоршылық

Ақтөбе қаласы, Жаңақоныс ауылында орналасқан Новый орта мектебінде 2018 жылдың 23 мамыр күні «Қамқоршылық» кеңесінің төрағасы Ж.Айткуловтың төрағалығымен Қамқоршылық Кеңестің 2017-2018 оқу жылының қорытынды отырысы болып өтті. Кеңестің мақсаты 2017-2018 оқу жылындағымектептің атқарған жұмыстарының есебін беріп, көрсету. Сондай-ақ, қайырымдылық акцияларын жүргізу, одан түскен қаржыларға бақылау жасау, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан оқушыларға материалдық көмек көрсету және мектептің атқарылған жұмыстары бойынша есепті талқылау болды. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. 2017-2018 оқу жылы бойынша «Новый орта мектебі» КММ-сінің қыркүйек-мамыр айларында атқарған жұмыстарды қорытындылау және Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын, жұмыспен қамтыруын ұйымдастыру, сонымен қатар 2018-2019 оқу жылына міндеттер мен жоспарлар. Отырысқа «Қамқоршылық» Кеңестің мүшелері және мектеп әкімшілігі және ата - аналар қатысты. Мектеп директоры А.Кисикова 2017-2018 оқу жылы бойынша «Новый орта мектебі» КММ-сінің қыркүйек-мамыр айларында атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады. «Қамқоршылық» кеңесі төрағасы Ж.Айткулов өткізілген іс-шараларға тоқталды. «Қайырымдылық» акцияларына белсене ат салысқан ата-аналарға өз ризашылығын білдіріп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін ата-аналарды марапаттады. Сонымен қатар, жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын, жұмыспен қамтыруын ұйымдастыру жұмыстарын іске асыру жұмыстары жүргізілетіндігін жеткізді. Новый орта мектебі «Қамқоршылық» кеңесінің мүшелері келесі оқу жылына атқаратын міндеттер мен жоспарларын құрды.