Біз өзіміздің арғы, бергі ата-бабаларымыздың
жүздеген буынының қалдырған өсиетін ақтап,
мұраларын сақтап, молайта беру жолында
топтасуға тиіспіз. Н.Ә.Назарбаев
Алғаш рет Ақтөбе қаласында "Самғау" Республикалық ғылыми-əдістемілік журналының ұйымдастыруымен өткен І Республикалық "Бала шақтан -болашаққа" шығармашылық байқауға Новый орта мектебі атынан 29 оқушы қатысып, І орынды - 4 оқушы, ІІ орынды - 8 оқушы, ІІІ орынды - 2 оқушы, «Жас өнерпаз» номинациясын - 6 оқушы, «Жас дарын» номинациясын - 1 оқушы, «Үздік суретші» номинациясын - 1 оқушы жеңіп алды. Осы дарынды оқушыларды және шығармашылық байқауында ұрпақ тәрбиесі мен біліміне аса жауапкершілікпен қарап, оқушының шығармашылық қарқынын жетілдіруге үлес қосқан ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз. Биіктен көріне берулеріңізге тілектеспіз!