Новый орта мектебінде 12-17 ақпан аралығында өткен "ӘКЕ БЕДЕЛІ - ҰЛТ АБЫРОЙЫ" атты мектепішілік әкелер апталығы аясында "Әкелер қысты шаңғы тебумен өткізейік!" тақырыбында 4 кластардың әкелері арасында шаңғы жарысы ұйымдастырылды.
Мақсаты: қоғамдағы, бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін арттыру, тиісті отбасылық тәрбие мәселелеріне қоғамның назарын аудару және отбасы институтының мәртебесін нығайту. Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар әкелер анықталып, грамоталармен марапатталды. Ата-аналар байқауға белсене қатысып, өз ризашылықтарын білдірді.