"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

"ӘКЕ БЕДЕЛІ - ҰЛТ АБЫРОЙЫ"

Новый орта мектебінде 12-17 ақпан аралығында өткен "ӘКЕ БЕДЕЛІ - ҰЛТ АБЫРОЙЫ" атты мектепішілік әкелер апталығы аясында "Әкелер бізде қонақта" тақырыбында 5 кластардың әкелері арасында спорттық ойындардан көңілді сөре жарысы ұйымдастырылды.

Көңілді сөре жарысында әкелер спорттың әр түрінен байқауға түсті. Байқаудың мақсаты: жанұя арасындағы байланыс, халқымыздың ата - бабадан келе жатқан асыл мұрасын насихаттау. Жарыс нәтижесінде жеңімпаз әкелер марапатталып, мектепке өз алғыстарын білдірді.