"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

«Математикадан логикалық тапсырмаларды шешу»

20-қаңтар сенбі күні «Новый орта мектебі» КММ-сінде жаңартылған білім мазмұны аясында білім алып жатқан 5-сыныпта жүргізілетін «Математикадан логикалық тапсырмаларды шешу» элективті курсы бойынша «Балаларға қосымша білім беру бойынша» мемлекеттік көрсетілетін қызметке сәйкес 5ӘБВГ сыныптар аралығында «Тапқырлар» математика сайыс болып өтті.

Сайыс барысында «Ойлан тап», «Математикалық калейдоскоп», «Қызықты сұрақтар», «Логика» және үй тапсырмасы бойынша білімдері сарапталды. Курс жетекшісі, матеаматика пәні мұғалімі А.Абжалелова сайыстың рефлексия бөлімінде оқушылардың алдағы уақытқа ұсыныстарына ден қойды. Сайыс соңында 5 Б сыныбының «Бес жұлдыз» тобы жеңімпаз атанды.