"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

14 наурыз- көрісу күні-амал мерекесі

Ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған "Наурызнама" онкүндігінің алғашқы мерекесі – Көрісу күні - Амал мерекесі.
Осы мерекеге орай мектеп - лицейімізде 11 кластың ұйымдастыруымен дәстүрге айналған "Амал мерекесі - ынтымақ пен берекенің бастауы" атты мерекелік кеште ауылдың үлкендерінен бата алу мақсатында ақ дастархан жайылды.
Іс - шараның мақсаты:
"Амал мерекесінің" ерекшелігімен таныстыру;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, сыйластыққа баулу;
Халқымыздың салт - дәстүрлерін қастерлеуге, оларды сақтауға тәрбиелеу;
қазақ халқының рухани байлығын, ұлттық бірегейлігін сақтау және жаңару;
ұлттық дәстүрлер мен әдет - ғұрыптарды ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу.
Шара барысында түлектер ата - әжелерге қызмет етіп, өнерлерін ортаға салды. Ауыл ақсақалдары жастарға бата беріп, алда армандаған оқуларына түсулеріне ниеттерін білдірді.
Аталған шараның жастар үшін тәрбиелік маңызы зор болды.