Оқу - жаттығу барысында:
1. Мектеп ғимаратында өрттің басталғаны туралы дабыл қағылды
2. Оқушылар мен мектеп - лицей қызметкерлері белгіленген эвакуация жолдары арқылы қауіпсіз жерге шығарылды.
3.Ақтөбе қаласының №4 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері арнайы келіп өрт қауіпсіздігі ережелері мен төтенше жағдайларда өзін - өзі ұстау тәртібі туралы нұсқаулық беріп, практика жүзінде көрсетті.
Оқу - жаттығу сәтті өтіп, барлық қатысушылар жоспарланған іс - әрекеттерді уақытылы орындады.
Бұл шара төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға үлкен үлес қосады.
Жауапты: АӘТД пәнінің мұғалімі Б.Калиев
Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
2025 жылдың 28 ақпан күні мектепішілік жұмыс жоспарына сәйкес оқушылар мен мұғалімдердің төтенше жағдайлар кезіндегі іс - қимылға дайындығын арттыру мақсатында өртке қарсы оқу - жаттығу ұйымдастырылды.