"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

«Сатира саңылағы, қарымды қаламгер» атты Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, "Екі езу" сатира театрының көркемдік жетекшісі Нұрлыбек Жұбатқан Хайруллаұлы, әншісі Әлиғазы Төртқарамен сыр - сұхбат ұйымдастырылды.

2024 жылы 19 желтоқсан күні« Оқуға құштар мектеп» және «Бір тұтас тәрбие» жобасы аясында мектебіміздің 8 - 11 класс оқушыларымен «Сатира саңылағы, қарымды қаламгер» атты Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, "Екі езу" сатира театрының көркемдік жетекшісі Нұрлыбек Жұбатқан Хайруллаұлы, әншісі Әлиғазы Төртқарамен сыр - сұхбат ұйымдастырылды.
Мақсаты: Әдебиет өкілдерінің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру.
Кездесуде қаламгерлер өз өмір жолымен оқырмандармен бөлісіп, ақпарат әлеміндегі оқиғалар мен бүгінгі жастардың тәрбиесі жөніндегі ой - пікірлерін ортаға салды. Өздеріне қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, тәжірибелермен бөлісті. Оқушыларға жазушылар мен ақындардың туындыларын көбірек оқуға кеңес берді.