2024 жылы 12 желтоқсан күні кітапхана жоспарына сәйкес «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 7 «Д» класс оқушыларымен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайыс өткізіліп, «Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды.
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің тарихи маңызын тереңірек ашу, патриоттық сезімдерін ояту. Тәуелсіздік ұғымының мән - мағынасын ұғындыру, оны бағалауға, қорғауға тәрбиелеу. Оқушыларды қазақ тілінде еркін сөйлеп, ойын дұрыс жеткізе білуге, викториналық ойындар арқылы ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту.