"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

3 «В», 5 «Ә», 5 «Б» класс оқушыларының арасында “Мен оқыған кітапты сен де оқы!” тақырыбында балаларға арналған көркем шығармалардың оқу эстафетасы бастау алды.

2024 жылдың 9 желтоқсан күні “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында 3 «В», 5 «Ә», 5 «Б» класс оқушыларының арасында “Мен оқыған кітапты сен де оқы!” тақырыбында балаларға арналған көркем шығармалардың оқу эстафетасы бастау алды. Шара “Буккроссинг “акциясы түрінде өткізіліп жатыр. Оқушылар оқыған кітаптарын талдап, алған әсерлерімен бөлісуде.
Акцияның мақсаты: көркем шығарма оқуды насихаттау арқылы оқушылардың сөздік қорын молайта отырып, тілін дамыту. Кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани мәдениетті көтеру. Бұл оқу эстафетасы кітап пен оқырман арасын жақындата отырып, «Оқып болсаң, басқаға ұсын» деген ұстанымды қолдау мақсатында ұйымдастырылды.