2024 жылдың 25.11 - 10.12 аралығындағы «Зорлық - зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы аясында «Атадан ұлағат, анадан ғибрат» тақырыбында отбасы құндылықтарын дәріптейтін шығармаларға 10 класс жетекшілері мен кітапханашылар бірлесіп өткізген іс - шара барысында оқушылар Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесіне пікірталас өткізіп, сонымен қатар Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін», З. Ахметованың «Шуақты күндер», С.Мыңжасарованың «Әйел бақыты», Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» шығармаларын еске түсіріп, «Сұрақ - жауап» әдісі, «Сәйкестендіру», «Learning apps» қосымшасы арқылы талқыланды.
Мақсаты: Жазушылардың өмірі, шығармашылықтары туралы мәлімет беру, оқушыларға қаламгерлердің шығармашылығының мазмұны, тақырыбы мен идеясын ашу, батыл сомдай білген шеберлігін таныту, қаһарлы жылдардағы ел тарихын таныта отырып, оқушы дүниетанымы шеңберін кеңейту, ұлттық құндылыққа баулу.
https://satbaev-licei.edu.kz/novosti-kz/1022-zorly-zombyly-syz-16-k-n-khaly-araly-aktsiyasy-ayasynda-pikirtalas-tkizildi.html#sigFreeId74c649b275