2024 жылдың 27 қараша күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп жанындағы 3 «В» - класс оқушыларымен мектеп кітапханасында «Кемпірқосақ пен көкөністер» ертегісі бойынша сахналық көрініс көрсетілді.
Мақсаты: Ертегіні толық меңгеру, балалардың тілін, сөздік қорын молайту. Рольдерге ене отырып, диалогты сөйлей білуге жаттықтыру. Көкөністердің адам ағзасына пайдалы екендігін жете түсіндіру. Театр өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Қойылым барысында оқушылар кейіпкерлердің рөліне шынайы ене отырып, олардың мінез - құлқын, қасиеттерін бойына сіңіре алды және әртістік қабілеттерін байқатты.