2024 жылдың 8 қараша күні «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 7 «Б» - класс оқушыларымен мектеп кітапханасында Жошы ұлысының іргесі қаланғанына 800 жыл толуына орай «Жошы ұлысына 800 жыл» тақырыбында танымдық сағат өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау, өз бетімен ой қорытып, топшылауға баулу.
Тәрбиелік мақсаты: Әңгіме арқылы ұлы адамдар өмірін өнеге ете отырып, адамгершілік рухта тәрбиелеу. Кешегі қилы заманда елін, жерін ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қорғаған бабаларымыздың ерлік істері бүгінгі жастарымызға үлгі - өнеге, мақтаныш. Оқушыларға Жошы ханның өмірбаяны мен атқарған қызметі, Жошы ханның ұрпақтары туралы айтылып түсіндірілді.