"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

«Таңшолпан» балалар театр үйірмесі мектеп кітапханасында «Жақсы ой мен Жаман ой» ертегісі бойынша сахналық көрініс көрсетілді.

2024 жылдың 24 қазан күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп жанындағы «Таңшолпан» балалар театр үйірмесі (жетекшілері: Кидирбаева Ж, Абдигалиева М) 4 «Г» - класс оқушыларымен мектеп кітапханасында «Жақсы ой мен Жаман ой» ертегісі бойынша сахналық көрініс көрсетілді.
Мақсаты: Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкерлердің мінез - құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Ойлау және еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға тәрбиелеу.
Қойылым барысында оқушылар кейіпкерлердің рөліне шынайы ене отырып, олардың мінез - құлқын, қасиеттерін бойына сіңіре алды және әртістік қабілеттерін байқатты.