"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

2024 жылдың 24 қазан күні «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 8 «Д» - класс оқушыларымен мектеп кітапханасында

2024 жылдың 24 қазан күні «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 8 «Д» - класс оқушыларымен мектеп кітапханасында Жаңа әлем - жаңа кітап тақырыбымен Т.Әбдіктің «Қонақтар» әңгімесі бойынша оқырмандар конференциясы өткізілді.
Мақсаты: «Қонақтар»әңгімесіне әдеби талдау жасау , тақырыбын , идеялық - көркемдік мазмұнын ашу, оқушылардың білімдерін қазіргі заман үлгілерінен мысал келтіре отырып жүйеге келтіру.
Қазақ халқының бойындағы адамгершілік, бауырмалдық қасиеттерді бағалай білу, үлкенді, ата - ананы сыйлауға, ата - ана алдындағы перзенттік борышты ақтауға тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, түрлі әдіс - тәсілдер арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына, өз ойын ашық айтуға, көзқарасын дәлелдеп шығуға ықпал ету.
Конференция барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, еркін сөйлей білді және қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, шынайы талдау жасап үйренеді.