АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТІ
- Мектепішілік және т.б. іс-шараларды өткізуге көмектесіп, белсенділік танытып, оқу процесін ұйымдастыруда қалыпты жағдайлар жасау (ата-аналар жиналысында, ашық тәрбие сағаттарында көрнекі құралдар дайындауға көмектесу);
- Мектептің жаңа оқу жылына дайындығына қатысу;
- Сыныптағы ата-аналардың іс-әрекетін бақылау, жүйелеу;
- Ата-аналардың арасында түсіндіру және ұсыныс беру жұмыстарын ұйымдастыру;
- Мектепішілік іс-шараларды ұйымдастыруда ата-аналардың мектеппен байланысын нығайту;
- Комитет құзырына кіретін мектепішілік сұрақтарды қарастыру;
- Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша мектептің педагогикалық ұжымымен қарым - қатынас жасап, кешкі рейдтерге қатысу;
- Оқу процесіндегі қауіпсіздік шарттарын іске асыруға, ұйымдастыруға санитарлық-гигиеналық ережелермен талаптарды сақтауға қатысу.
АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІНІҢ ҚҰҚЫҒЫ
- Мектептің әкімшілігіне ұсыныс жасау,
- Сыныптағы ата-аналар жиналысының шешімдеріне сәйкес оқушылардың ата-аналарын өз отырысына шақыру;
- Отбасындағы бала тәрбиелеудегі кемшіліктері үшін ата-аналарға көмек беру;
- Мектепішілік және т.б. іс-шараларды өткізуге көмектесіп, белсенділік танытқан ата-аналарды мектептің әкімшілігіне марапаттауға ұсыныс жасау.
АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
- жұмыс жоспарларының орындалуына;
- комитеттің ұсыныстары мен шешімдерінің орындалуына жауапкершілік;
- мектеп әкімшілігі мен ата-аналар арасындағы отбасылық және қоғамдық тәрбие жөніндегі өзара түсіністік мәселелерін қалыптастыруына жауапкершілік таныту;
- қолданылатын заңнамаларға сәйкес сапалы шешімнің қолдануына жауапкершілік.