"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

23.08.2022 ж отырыс

"Новый орта мектеп -лицейі"  КММ

Қамқоршылық кеңесінің  отырысы

Хаттама № 3

Мерзімі: 23.08.2022 ж  

Қатысқандар:   9

Қатыспағаны:0

Күн тәртібінде:

1.«Мектепке жол» акциясының өту барысы.

  1. Оқытудың жаңартылған мазмұны. («Күнделік» электронды мектеп журналдарын ұстау, критериалды бағалау жүйесі туралы, қосымша білім беру ерекшеліктері) аясында ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы.

3.Мектептің ішкі тәртіп ережесі

Тыңдалды:

  1. Әлеуметтік педагог Елеусизов С. Білім мен тәрбие негізінің мектептен бастау алатыны, яғни, осы бағыттағы үрдістің ата-ана, мектеп, мұғалім үштігі болып бірге жұмыс жүргізгенде ғана жүзеге асатыны белгілі. «Мектепке жол» акциясының өту барысында демеушілік жасап, қайырымдылық көрсеткен кәсіпкерлер, ұстаздардан түскен қаржыны класс жетекшілердің тапсырған сұранысы бойынша қарап, арнайы комиссия мүшелері анықтап, аз қамтылған оқушыларды керекті киім-кишекпен, оқу құралдарымен қамтамасыз етіліп отыр. Балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын –алу жұмыстары арнайы іс-шаралар жоспары жасақталып, жоспарлы түрде көптеген шаралар алынды. Қазіргі уақытта күрделі мәселе отбасындағы зорлық-зомбылықтың көбеюі. Аталған мәселе бойынша ата-аналар жиналысы, педкеңес т.б жиналыстарда күн тәртібіне қойылып, арнайы қаралып отыр. Бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруда қосымша білім беру ұйымдары жанынан ашылған мектеп оқушылары  домбыра, бокс, волейбол, баскетбол т.б сияқты үйірмелерге қатысып жүр
  1. Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аймагамбетова Ш. Оқытудың жаңартылған мазмұны («Күнделік» электронды мектеп журналдарын ұстау, критериалды бағалау жүйесі туралы, қосымша білім беру ерекшеліктері) аясында ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы айтып өтті. Мұғалімдердің орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен  дағдылары қалыптасқан. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдер біліктілігін арттыру курсынан өтті.
  1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. Әбдіқалықова   Мектептің ішкі  тәртіп ережесін орындау барлығына міндеттелген.   Бұл туралы ата-аналар жиналысында айтылып өзара келісілген.   Ата-аналар және өзге заңды  өкілдер білім алушылардың  орта білім беру ұйымында белгіленген  ережеміне сай оқу процесі жүреді.   Білім  алушылар мен тәрбиеленушілердің мектепте болған уақыттағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үнемі күн тәртібінен түспеуі тиіс.

     Балалардың себепсіз сабақ қалдырмауын, бос уақытын тиімді пайдалану жолдарын қарастыру, ата-аналар тарапынан бақылау, қадағалау жүргізу керек. Қайырымдылық көмекті әлеуметтік жағдайына қарап, күнкөрісі төмен отбасылардың балаларына таратылып берілуі дұрыс деп есептеймін.

Шешім:

  1. Мектепке жол акциясы ұйымдастырылсын.
  2. Оқытудың жаңартылған мазмұны талапқа сай жүргізілсін.
  3. Мектептің ішкі тәртіп ережесі туралы түсінік жалғастырылсын.

Қамқоршылық кеңес төрағасы: Т. Табылғанов