"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

05.01.2022ж отырыс

"Новый орта мектеп -лицейі"  КММ

Қамқоршылық кеңесінің  отырысы

Хаттама № 1

Мерзімі: 05.01.2022 ж  

Қатысқандар:   8

Қатыспағаны:1

Күн тәртібінде:

1.«Қамқоршылық кеңестің» ережесімен,мақсат-міндеттерімен, құру тәртібімен таныстыру

  1. 2022 оқу жылындағы «Қамқоршылық кеңестің» жұмыс жоспарын талқылау, бекіту.

Тыңдалды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша  мектеп директоры  А. Кисикова сөз алып,  жиналысқа қатысушыларды отырыстың күн тәртібіндегі мәселелерімен таныстырып өтті.  Жиналысқа қатысушыларды Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің  бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында  оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ережесімен  таныстырып, талқылады.  Қамқоршылық кеңесі  қоғамдық бірлестік  бірге басқарудың  қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және  білім беру жүйесіндегі  ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға  қосымша қаражат тарту мақсатында құрылатындығын айта келіп,  міндеттеріне тоқталды.

Жалпы білім беру ұйымдарының  жұмысының айқындығын арттыруға  және жетілдіруге бағытталған  бастамалар ұсыну  және оны талқылауға;

Жалпы  білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын мен оқу  базасын нығайту  және жетілдіру, оның аумағы мен  кабинеттерін көбейтуге;

Білім беру үдерісін  іске асыру  жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен  денсаулығын сақтауға  жәрдем көрсетуге;

Мектеп органдарының жұртшылықпен тиімді қарым-қатынасы үшін жағдай жасауға;

Мектептің білім берушілік,  қаржылық, кадрлық әлеуетін арттыруға, қаржыландырудың  қосымша көздерін мектепке тартуға,  оқушылардың  құқықтары мен мүдделерін қорғау керектігі айтып өтілді.

Екінші  мәселе бойынша мектеп директоры  А. Кисикова  2022   жылында қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын бекіту туралы айтып өтті. 2022 жылға арналған оқу жылындағы қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары тыңдалып, бекітілді.  Мектеп басшысы өз  сөзінде  2021  оқу жылында  Қамқорлық кеңесінің  құрамында 9   адам жұмыс жасайтындығын айтып өтіп,  болашақта мектептің ішкі-сыртқы қоғамдық жұмыстарына белсене араласып,  мектеп ұжымымен  тығыз байланыста болатындығы туралы  айтты.

Шешім:

1.Қамқоршылық  кеңес мүшелері  жұмыс жоспарымен таныстырылып, бекітілген жоспарға сай жұмыс жасау тапсырылсын.

2.Қамқоршылық  кеңес мүшелерімен жүргізілетін  жұмыстар жүйелі  атқарылсын.

Қамқоршылық кеңес төрағасы: Т. Табылғанов