"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

Қамқоршылық кеңес хабарландыру!

Қамқоршылық кеңес құру туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Қамқоршылық кеңес  құру туралы  және оның құрамына  өзгерістер енгізу бойынша  ұсыныстар қабылдайтынын  хабарлайды.

Шақырылады:

  1. Қамқоршылық кеңестің құрамына:

      1) осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері (әрбір сынып параллельінен осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі)

      2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса)

      3) жергілікті өкілді және/немесе атқарушы, және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері

      4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері

      5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса)

      6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса)     

      7) оқушылық өзін-өзі басқару органдарының өкілдері

 

  1. Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтінім (еркін түрде);

      2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;

      4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

      5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.

      Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.

 

Ұсыныстар  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасы арқылы қабылданады.