Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗДАР КҮНІН атап өтілді.
@aktobe_novyi_oml 2019 жылдың 11 қазан күні бүкіл әлем бойынша ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗДАР КҮНІН атап өтті. Мерекеде мектеп медбикесі Н.Бақтыгерей және «Дәмежан апайды тыңдаймыз!» қыздар клубының жетекшісі Д.Қыстаубаева мектебіміздің жоғары класс қыз балаларымен «Қыздарға кеңес» атты тәрбиелік сағаты ұйымдастырылды.
"Жолда тәртібі ережелерін сақтау-өмір қауіпсіздігінің басты кепілі"
"Жолда тәртібі ережелерін сақтау-өмір қауіпсіздігінің басты кепілі" тақырыбында Ақтөбе қаласы ПБ Астана ауданының №1 ҚПБ ЖПҚ КІТЖ инспекторы, полиция капитаны Әбу Қуандық Есенұлы баяндама оқып, ата-аналарға кең көлемдегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ақпарат берді.
«ҮЗДІК ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН 10 МЕКТЕП»
Жаңа орта мектеп-лицейінің ұстаздары мен оқушылары және ата-аналары үшін үлкен қуаныш.
АЙМАГАМБЕТОВА ШЫНАР ЖОЛДЫБАЕВНА КӨП ЖЫЛҒЫ ЕҢБЕГІ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ МЕН ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ ҮШІН МАРАПАТТАЛДЫ
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВТІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН ҰСТАЗДАР КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ, ДИРЕКТОРДЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ, ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ АЙМАГАМБЕТОВА ШЫНАР ЖОЛДЫБАЕВНА КӨП ЖЫЛҒЫ ЕҢБЕГІ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ МЕН ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ ҮШІН МАРАПАТТАЛДЫ. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
"Үздік жас мұғалім-2019"
"Үздік жас мұғалім-2019" атты қалалық байқауына қатысып, Новый орта мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімі, жас ұстаз Исағалиев Жансейт Аманжолұлы ІІІ орынды жеңіп алды және математика пәні мұғалімі, жас ұстаз Танакулов Әсет Алтынбекұлы І орынды жеңіп алды.
Өнерің өрге жүзсін!
Новый орта мектеп-лицейінің талантты, өнерлі оқушысы Бибітов Әлитемірхан жақында Ресей еліне барып «ArtComMUSIC» атты ІX суперфиналына қатысып, жүлделі ІІ орынды жеңіп алып, қазақ елінің, оның ішінде Ақтөбе қаласының абыройын тағыда бір көтерді. Жарайсың, Әлитемірхан сендей талантты шәкіртімізбен мақтанамыз. Өнерің өрге жүзсін!